НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары мен ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады.
Мемлекет басшысының өкімімен Арыстанғани Заппаров Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды
Ал Арман Жұмабеков Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болды.
Арыстанғани Заппаров туралы не білеміз?
1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан ІІМ академиясы заң институтын бітірген.
1993 жылдан бастап ішкі істер органдарында басшылық қызметтер атқарды.
Алматы облысы полиция департаментінің Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасын, Алматы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасын, Степногорск қаласы полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қаңтарында ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы болды.
2019 жылдың сәуір айында Қызылорда облысы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Арман Жұмабеков туралы не білеміз?
1973 жылы туған. 1997 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заң мамандығы бойынша бітірді.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болды, оған 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған.
Әр жылдары банкте, салық қызметінде, президент әкімшілігінде, парламент пен үкіметте жұмыс істеді.