Қоғам

Тоқаев Аружан Сайыннан балалар омбудсмені қызметінде не күтетінін айтты

Мемлекет басшысы сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдірді  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Сайынның бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалуына түсініктеме берді.

"Белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайынды бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындадым. Жемісті жұмыс атқарады деп сенемін", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

​Тоқаев сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Аружан Сайын туралы не білеміз

Аружан Сайын Қызылорда қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі ҚазҰУ) география факультеті, экология жцне мониторинг кафедрасына оқуға түсті.

2006 жылы "Мейірім" ерікті қоғамы" қайырымдылық қорын құрды. Қор балалар мен сәби үйлеріне, сондай-ақ науқас балаларға көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, Сайын қор аясында ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне ақша жинап, бала асырап алу, инклюзия мәселелерімен айналысады.

2012 және 2015 жылдары Аружан Сайын "Жылдың қоғам қайраткері" номинациясы бойынша "Халық сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің лауреаты атанды.