Әлем

Жетпіс жыл отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

Жолдасы қайтыс болғаннан кейін 12 сағаттан соң жары көз жұмды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Джорджия штатында 71 жыл бірге болған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды, деп хабарлайды Metro.

Герберт Делейгл Мэрилин Фрэнсиспен 1947 жылы дәмханада танысқан. Қыз ол жерде даяшы болып жұмыс істесе керек. Кейін Герберт Делейгл ол жерге қызды көру үшін күнде баратынын айтқан. Оның айтуынша, қыздан көз ала алмаған, кейін кинотеатрға шақырыпты.

Жетпіс жыл отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

Бір жылдан соң үйлену тойы болған.

Делейглдер отбасы ауруханада бір күнде көз жұмды. Арасы 12 сағат болған. Олардың 6 баласы, 16 немересі, 25 шөбересі мен 3 шөпшегі қалған. Психиатр Мэрилин өмірлік жарының өліміне қатты қайғырып, қайтыс болу мүмкін екенін айтады.