Әлем

Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды – фото

Үй төрт бөлмелі, оның біреуі полицейдің жұмыс кабинеті болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қырғызстанның Қадамжай ауданындағы Мыңшынар ауылында учаскелік полицейге төрт бөлмелі үй салынды.

Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды – фото

Полицей Чырмаша Усен уулу отбасымен қоныс тойын тойлады. Ауылда полиция бекеті болмағандықтан, бала-шағасымен бірге мешітте тұрған. Кейде ауылдастарының үйінде қонды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұл мәселені шешу үшін ауыл әкімдігі 1 миллион сом (5 жарым млн теңгеден астам), ал  аудандық ішкі істер басқармасы – 200 мың сом (1 млн теңгеден астам) бөлген. Демеушілердің қаражатын қосқанда 1,5 миллион сомға жеткен.

Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды – фото

Полиция бекеті мен баспананың құрылысы наурыз айының соңында басталған. Үш жарым сотық жерде төрт бөлмелі үй салынды. Оның біреуі полицейдің жеке кабинеті болады.

Шымкенттік полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін министр арқылы шешті