НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Өскемендегі "Восход" бау-бақша қоғамы тұрғындары көшеге шығып, көлік қозғалысына кедергі туғызды. Елді мекенде қарыз салдарынан электр энергиясын өшіріп тастаған.
YK-news порталы хабарлағандай, жарық сөніп қалған соң тұрғындар аптап ыстықта сусыз отыр. Наразы халық көшеге шығып, жолды жауып, көліктерді жүргізбей қойыпты.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы бас көтерді - видео
Оқиға орнына Өскемен әкімі Жақсылық Омар аттанады. Ол барғаннан кейін тұрғындарға бірден жарық берген.
Қала әкімі қарыздардың себебін анықтау мақсатында жұмыс тобын құруды тапсырды.