НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қытайда Пекин қаласының тұрғыны жаңа туған немересіне ішімдік беріп, оны өлтіріп алды. Бұл туралы AsiaOne ақпараттық порталы жазады.
Отбасының туған-туыстары мен достары сәбидің бір айға толуын атап өту үшін бас қосқан екен. Нәрестенің атасы тілек айтқаннан кейін қонақтардың бірі: "Немерең ішпесе, қалай ішесің?" – деп қалжыңдайды.
Тағы оқыңыз: Павлодарда ноутбук ата мен немеренің өліміне себепші болды
Сол кезде ер адам сәбиге өз бокалынан ішімдік ішкізген. Анасы жетіп барып, бөбекті қолына алады. Арада жарты сағат өткенде сәбидің тынысы тарылып, дем алмай қалыпты.
Баланы шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Сәби өлімі туралы қорытындыда нәрестенің ішімдіктен улану салдарынан шетінегені жазылған.
Тағы оқыңыз: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды