Өңірлер

Ақтөбе тұрғыны сауда орталығында босанып қалды

Келіншекті орталықтағы бутиктің қызметкері босандырып алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбелік әйел ірі сауда ойын-сауық орталығында қыз босанды. Сауда орталығының әкімшілігі Instagram желісінде қуанышты жаңалықпен бөліскен.

Оқиға 11 шілдеде болды. Зәуре есімді келіншек апа-сіңлілерімен сауда орталығына барған. Алайда жас ана дүкен аралап үлгерген жоқ, аяқ астынан толғағы басталыпты.

Әйелді бутиктердің бірінде істейтін қызметкер босандырған.

Жас ана аман-есен босанып, дүниеге салмағы 3,4 келі қыз әкелді. Сәбидің есімі – Айлин.

Сауда орталығының әкімшілігі қуанышты оқиғаның құрметіне жас анаға кәстрөл, ал нәрестеге қуыршақ жиынтығын сыйға тартты.

Елу бес жастағы әйел тұңғыш жиенін өзі дүниеге әкелді

Әйелдің ұшақта босанған сәті видеоға түсіп қалды

Шымкентте жас келіншек сауда орталығының дәретханасында босанып қалды