НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Арлем Дезир Sputnik және RT журналистері Лондондағы форумға қатысуы керек еді деген ойымен бөлісті.
Лондонда өткен БАҚ–тағы сөз бостандығына арналған форум 11-12 шілде күндері өткен болатын.
Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі Sputnik пен RT-ны аккредитациядан өткізбеді. Олар бұл БАҚ-тың жалған ақпарат тарататынын айтқан. Алайда ешбір дәлел келтірмеді.
"Біз мұндай шараларға кез келген журналистің қатысуын қолдаймыз. Журналистердің жұмысына кедергі келтірмеу керек. Бұл, әсіресе, елге шақыру жіберуге байланысты", - деді РИА Новости сұрағына жауап берген Дезир.