Қоғам

Көшербаев Абайдың 42-ші қара сөзін оқып, эстафетаны жас спортшыға жолдады – видео

Көшербаев эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасына қосылды.

"Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқыды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Көшербаев эстафетаны қазақ ғылымының майталмандары –академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 9 жасар қыздан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды – видео

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған ақын шығармаларын оқу эстафетасын 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан қабылдап, әрі қарай жалғастырған еді. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды.