Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 шілде

Бұл - Григориан күнтізбесінде 198-ші күн. Жыл соңына дейін 167 күн бар
Sputnik

17 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

17 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Диснейлендтің туған күні. Таңғажайып ертегі әлемінде сан түрлі кейіпкерді көруге болады. Диснейлендке бару әр баланың ғана емес, ересек адамдардың да арманы. Ол 1955 жылы 17 шілдеде Калифорния штатындағы Анахайм қаласында пайда болды. Бұл күні кәсіпкер, екі қыздың әкесі Уолт Дисней балаларға арналған өзінің бірінші саябағын ашты. Жобаға 17 миллион доллар жұмсалған.

Сондай-ақ, 17 шілдеде сыйлық сыйлау күні. Бүгін жақындар мен туған-туысқандарға, тіпті бейтаныс адамдарға да сыйлық беруге болады. Бастысы, қымбат тарту жасау емес, көңіл-күй сыйлау. Бұл мереке көптеген елдерде аталып өтеді. Кімге сыйлық ұсыну керек екенін өзіңіз шешіңіз.

17 шілде күні Оңтүстік Кореяда Конституция күні аталып өтеді. Алғашқы Оңтүстік Корея елінің негізі қағаз жүзінде 1948 жылдың 18 тамызында қаланды. 

Бүгін  - Ресейде этнограф күні. Кәсіби мереке ресми түрде бекітілмеген. Алайда этнографтар кең ауқымда атап өтеді. Мереке орыс этнографы, саяхатшы Николай Миклухо-Маклайдың құрметіне белгіленген. Орыс этнографтарының айтуынша, кәсіби мереке ХХ ғасырдың 70-80 жылдары аталып өте бастаған.

17 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1775 жылы АҚШ-та әлемдегі алғаш әскери госпиталь ашылды;  

1902 жылы Уиллис Кэрриер алғашқы ауа баптағыштың жобасын ұсынды;   

1919 жылы поляк-украин соғысы аяқталды;

1968 жылы Лондонда "Битлз" мультипликациялық фильмінің премьерасы өтті.

17 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1998 жылы Қазақстан мен Қырғызстан республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу туралы меморандумға қол қойылды; 

2006 жылы Қазақстанда алғаш рет зейнеткерлерге несие беру жөніндегі жоба іске қосылды; 

2009 жылы  Павлодар облысының Май ауданында асфальт-бетон зауыты жұмысын бастады.

17 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1797 жылы француз суретшісі Поль Деларош дүниеге келді;

1935 жылы канадалық актер, кинопродюсер "Эмми" және "Алтын глобус" премияларының лауреаты Дональд Сазерленд дүниеге келді;

1939 жылы кеңес футболшысы, жартылай қорғаушы Валерий Воронин дүниеге келді. КСРО спорт шебері (1960), халықаралық санаттағы КСРО спорт шебері (1964), еңбек сіңірген спорт шебері (1966);

1954 жылы неміс мемлекеттік және саяси қайраткері Ангела Меркель дүниеге келді. 2005 жылдың 21 қарашасынан бастап Германия канцлері болды. Германия тарихындағы канцлер лауазымына дейін жеткен тұңғыш әйел. 2000 жылдың 10 сәуірінен бастап Христиан-демократиялық одағы партиясының лидері. Forbes журналында әлемдегі беделді әйелдер тізімінде көш бастады.

17 шілдеде Қазақстанда кім туды

1906 жылы қазақ композиторлық музыкасының негізін қалаушы, қазақ ұлттық музыкасының этнографы Латиф Хамиди дүниеге келді;

1947 жылы суретші, мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Бақытжан Әбішев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде болады. Көңіл-күйіңіз керемет болады деп айту қиын. Күні бойы бір нәрсені істеп үлгермегендей сезімде боласыз. Алайда мұны ойлап, қайғыруға көп уақыт жұмсамаңыз. Шын мәнінде, бәрі сіз ойлағандай жаман емес болуы мүмкін.