НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Air Astana әуе компаниясының KC995 рейсі Алматыдан Нұр-Сұлтанға уақытылы ұша алмады. Адамдардың бәрін ұшақтан түсірді, деп хабарлады жолаушылардың бірі Sputnik Қазақстанға.
Алматы әуежайындағы таблоға сәйкес ұшақ оңтүстік астанадан 17:45-те ұшып шығуы керек болатын.
"Жолаушылар ұшаққа отырып алған еді. Қазір автобустар келіп, бәрін кері әкетіп жатыр, - деп хабарлады жолаушылардың бірі Sputnik Қазақстанға – Ұшқыштар техникалық ақау барын айтты. Инженерлер жөндеп жатыр екен".
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтында бұл рейс жергілікті уақыт бойынша 19.35-те келуі тиіс деп көрсетілген.
Айта кетсек, бесінші шілдеде SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья бағытындағы DV-475 рейсі он төрт сағаттай кешікті. Бұған да ұшақтағы техникалық ақау себеп болған.