Видео

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды – видео

Мемлекеттік комиссия 13 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан "Спектр-РГ" астрофизикалық ғарыш обсерваториясы бар "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру туралы шешім қабылдады
Sputnik

Бастапқыда зымыран тасығышты 21 маусымда ұшыру жоспарланған, алайда "Спектр" батареясының разрядталуына байланысты 12 шілдеге ауыстырылды. "Протон" зымыраны ұшыру кешенінен монтаждау-сынақ корпусына жеткізіліп, мамандар батареясын ауыстырды. Қайта шығарылғаннан кейін, ұшыру зымырандағы ақауларды жою үшін 13 шілдеге қалдырылды.

"Спектр-Рентген-Гамма" ("Спектр-РГ") ғарыш обсерваториясы – Ғаламды рентгендік диапозонда зерттеу мақсатында орбиталды астрофизикалық обсерваторияны құруға бағытталған халықаралық ресейлік-германиялық жоба.