Өңірлер

Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті

Жиырма тоғыз жастағы Өскемен тұрғыны 7 шілдеде жұмысынан оралмаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Өскеменде бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалған 29 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ол үйлену тойына үш күн қалғанда жоғалып кеткен, деп жазады YK-news.kz.

Жоғалып кеткен ер адамның туыстары айтқандай, Сергей Золотухин жұмысқа кетіп, сол беті үйіне оралмапты. Соңғы рет оны "Защита" станциясы маңынан көрген.

Қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адамның жоғалғаны туралы іс 10 шілдеде қозғалып, іздеу жұмыстары басталды.

Тағы оқыңыз: Арыста 350 адам жоғалып кеткені рас па - министрліктің жауабы

Полиция Сергей Золотухиннің сырт келбетін сипаттап берді: бойы — 185 сантиметр, арықтау келген. Үстіне қара жейде, джинс шолақ шалбар, аяғына қара спорттық аяқ киім киген.

Ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетін жандар 8 777 368 46 57, 8 777 850 87 38 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.