"Сөйлесу керек" Мәскеу – Киев телекөпірі – онлайн-трансляция

"Россия 1" телеарнасы "Сөйлесу керек" Ресей-Украина телекөпірін өткізіп жатыр
Sputnik

"Студияда Ресей-Украина отбасылары болады. Бағдарламада саяси мәселе талқыланбайды, ешқандай саяси қайраткер болмайды", - деп атап өтті ВГТРК баспасөз қызметі.

Бұл Ресей мен Украина арасындағы бірнеше жылдан кейінгі алғашқы телекөпір. Телеарна студиясында жүргізушілер – Мария Ситтель мен Андрей Малахов.

Саяси мәселе көтерілмейді.  

Украина тарапынан телекөпірді NewsOne арнасы қолдауы тиіс еді, дегенмен бағдарлама аңдатпасы саясаткерлер мен журналистердің қарсылығына тап болды. Украинаның бас прокуратурасы "Мемлекеттік опасыздық жасауға ұмтылу" бабы бойынша телеарнаға қарсы  қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады РИА Новости.

Дүйсенбіде NewsOne қызметкерлерге зорлық-зомбылық қаупі төнуіне байланысты телекөпірді өткізуден бас тартатынын мәлімдеді. Осыдан кейін "Россия 1" алдымен қатысушыларды Мәскеуге өз студиясына шақырды, ал кейін Украина тарапы эфирге Skype арқылы шығатынын мәлімдеді.

Кеше NewsOne өз сайтында Украина билігінің қысым көрсетуіне байланысты халықаралық ұйымдарға шағымданғанын хабарлады.