НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде - Sputnik. Жаңа Зеландияның Окленд қаласы тұрғыны әйелін шіркеу қызметкерімен көңіл қосты деп күдіктеніп, ер адамды өлтірген. Қазір ол түрмеде отыр, деп хабарлайды Daily Mail.
2018 жылдың қарашасында 45 жастағы Уэта Вэ әйелінің шіркеу қызметкері Лаулимум Люасимен хат алмасқанын оқып қояды, олар бір-біріне жазған хатында жыныстық қатынасты меңзегендей көрінеді. Бұл жайттан кейін де 62 жастағы діни қызметші әйелмен ара қатынасын үзбей, тіпті екі отбасының кездесуін ұйымдастырып, күмәнді сейілтпек болады. Вэнің әйелі де, шіркеу қызметкері де жұбайларының көзіне шөп салмағанын түсіндіруге тырысқан.
Тағы оқыңыз: Енесінің үйіне барғысы келмеген еркек әйелінен оңбай таяқ жеді - видео
2019 жылдың қаңтарында ішімдік ішіп алған Вэ көңіліндегі күдігін әйеліне тағы айтады. Келесі күні әйел күйеуімен айырылысуға шешім қабылдап, үйден кетуін сұрайды. Содан соң ерлі-зайыпты бір мерекелік жиынға барып, куәгерлердің айтуынша, Вэ "біртүрлі тұйық" болып көрінеді. Кейін ол үйіне қайтады да, кейін шіркеуге басып кіреді. Ер адам шіркеу қызметкерінің өлгеніне көз жеткізу үшін бірнеше минут күтіп тұрыпты.
Содан кейін үйіне оралып, өзнің жасағанын әйеліне айтады. Әйел Люасиге жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, алайда шіркеу қызметкерін аман алып қалу мүмкін емес еді.
9 шілдеде сот Уэта Вэні өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының 17 жылдан соң шарты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы бар.
Тағы оқыңыз: Қызғаншақ жігіт қалыңдығының үстіне бензин құйды - видео