Әлем

Ұрланған әмиян 75 жылдан кейін иесіне қайтарылды

1940 жылдары жоғалған бірнеше әмиян бұрынғы мектеп ғимаратындағы әйелдер ваннасынан табылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. АҚШ тұрғыны, 89 жастағы Бетти Сиссом (Betty Sissom) көп жыл бұрын ұрланған әмиянын қайтарып алды, деп жазды CNN.

Қызықты оқиға Иллинойс штатында шіркеу ұйымы сатып алған бұрынғы мектепті жөндеу кезінде болды. Жұмысшылар унитаздың артынан фотосуреттер мен құжаттар салынған бірнеше ескі әмиянды тауып алған.

Шіркеудің пасторы табылған әмияндар мен адамдардың аты-жөндерінің суретін Facebook аккаунтында жариялады. Оның жазбасын бірнеше мың адам бөліскеннен кейін жергілікті БАҚ тізімде аты аталған әйелдің бірін тапты.

1947 жылы мектепті бітірген және қазір Сент-Луис қаламаңында тұратын Бетти Сиссом 75 жылдан соң әмиянын қайтарып алған кезде қатты таңғалды. Сондай-ақ әйел көп жылдар бойы көрмеген сыныптастарының суреттерін, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған ағасының фотосын көріп қуанды.

Тағы оқыңыз: Ескі шкаф сатып алған құрылысшы үйіне келген соң өз көзіне өзі сенбеді

Бетти Сиссом мектепте бірге оқыған басқа әмияндардың иелері әлі де тірі деп үміттенеді.

Қолданушылар тізімдегі жеті қыздың екеуі дүниеден озғанын жазды. Заттары табылғандардың екеуі де 2012 жылы қайтыс болған.