Елорда тынысы

Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды

Бақтияр Мәкен 2016 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болды  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен Бақтияр Мәкен қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол әлеуметтік қорғау, ішкі, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жетекшілік етеді.

Бақтияр Мәкен туралы не білеміз?

Алматы қаласында туған, 38 жаста. Қазақ ұлттық аграрлық университетін "Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау" мамандығы бойынша бітірген, сарапшы-аудитор. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Монтана-Миссула университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі (МРА).

2000-2009 жылдары жастар ұйымдарының басшылығында қызмет етті.

2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.

 2010-2012 жылдары – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.

2012-2013 жылдары – Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы.

2013-2016 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016 жылдың 24 наурызынан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты.