НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның астанасында элиталы ауданды қою түтін басып қалды. Нұр-Сұлтандағы "Британ орамы" тұрғын үй кешені өртеніп жатыр.
Қара түтін астаналықтарға алыстан көрініп тұр.
"Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер аттанды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлер өрт болған аумақта автокөлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
"Өрт 5 немесе 6 кіреберіс аумағынан шықты. Онда бүгін шатырды жөндеген. Қазір оқиға орнында көптеген өрт сөндіру көлігі тұр", - деді Sputnik Қазақстанға өрт куәгері.
ТЖ комитеті оқиғаның толығырақ мән-жайын хабарлады. "Британ орамы" ТК-ның алты қабаттық тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 19:39-да түскен.
"Сағат 19:46-да алғашқы өрт сөндіру көліктері келгенде шамамен 100 шаршы метр аумақтағы тұрғын үйдің шатыры жанып жатты. Тұрғындары көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады ТЖК.
Өртті сөндіруге 51 адам мен 11 техника жұмылдырылды.