Әлем

Ел жеңіліске ұшырады - сарапшы Грузиядағы Ресейге қарсы акциялар туралы

Ресеймен тікелей әуе қатынасына тыйым салынуы Грузияның туристік бизнесіне зардабын тигізеді, деп санайды саяси ғылымдар докторы, профессор Тамар Кикнадзе.
Sputnik
Ел жеңіліске ұшырады - сарапшы Грузиядағы Ресейге қарсы акциялар туралы

Еске сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путин Тблисиде Ресейге қарсы ұранмен өтіп жатқан тәртіпсіздіктерге байланысты екі ел арасында тікелей әуе қатынасына тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Ресейлік туроператорлар Грузияға барғысы келетін азаматтардың өтінішін қабылдауды тоқтатты.

Тағы оқыңыз: Грузин тележүргізушісі Путин мен оның ата-анасына тіл тигізіп, митингіге себепші болды

"Жалпы ел жеңілке ұшырады. Зардабы ауыр болады, себебі ресейлік туристер келмейді, ал бұл экономикалық және қаржылық ахуалға зиян келтіреді. Меніңше, бұл саясатқа да теріс ықпалын тигізеді, себебі адамдар бір-бірімен араласып, ортақ қызығушылықтар тапқан еді, бұл екі елдің жақындасуына әсер еткен болатын", — деді Кикнадзе Sputnik Грузияға берген сұқбатында.

Айта кетсек, бұған дейін Грузияға баратын туристер арасында ресейліктер көш бастап тұрған.