НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Юрий Шатуновқа шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды "Комсомольская правда".
Шатунов гастрольдік турынан кейін ауруханаға түскен. Әртіске суық тиген екен. Бірақ ол концертін жалғастыра берген. Сырқаты асқынып, тісі ауыра бастаған. Дәрігерлер бірден шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдапты.
Әншінің өкілі операцияның сәтті өткенін хабарлады. Шатунов әлі екі апта бойы ауруханада болады. Келесі гастрольдік сапары күз мезгіліне жоспарланған.
Тағы оқыңыз: "Ата-бабама тіл тигізгесін, ашуланып кеттім": Бесбаев кімге ренжігенін айтты
Әнші 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Анасы дүниеден озғаннан кейін Орынбордағы мектеп-интернатқа түсті. Сол жерде "Ласковый май" тобының негізін қалаушы Сергей Кузнецовпен танысқан.