Фото

Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады - фото

Sputnik

Сервистің жарты миллион қолданушысы арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде әлемде ең сұлу әрі сымбаты украин қыздар екені белгілі болды.

Сонымен бірге филиппиндер, даттар мен австралиялықтар үздік ондықтан ойып тұрып орын алды.

Үріп ауызға салғандай көрікті қыздар Оңтүстік Африка, Италия, Бразилия, Армения, Канада және Ұлыбритания елдерінде тұрады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан аруы байқауы: көркіне көз тоймайтын хас сұлулар - фото

Сауалнама авторлары атап өткендей, қатысушыларға тартымдылық пен сұлулық критерийлерін ұсынбапты, адамдар өзінің жеке пікіріне сай таңдау жасаған.

1 / 8
Сауалнамада бірінші орынды украиндар жеңіп алды. Бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені әлемдегі танымал модельдердің көпшілігі – украин қыздары.
2 / 8
Украина мен Даниядан соң рейтингіде филиппиндер келе жатыр. Мұнда халықаралық сұлулық байқауларында көзге түсіп жүрген филиппин қыздардың үлесі зор.
3 / 8
Бразилия – Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекет. Бразилиялық қыздардың көз тоймас сұлулығы баяғыдан бері аңызға айналған.
4 / 8
Австралияда үріп ауызға салғандай сұлу қыздар тұратыны көпшілікке бұрыннан белгілі.
5 / 8
Оңтүстік Африка Республикасынан әйгілі сұлу актрисалар, әлем арулары мен сымбатты модельдер шыққан.
6 / 8
Италия қарасаң көз тоймайтын сұлу табиғатымен ғана емес, көрікті қыздарымен де кез келген жанды баурап алады.
7 / 8
Сұлулар рейтингісіне армян қыздары да енді. Суретте: армян ұлтынан шыққан тележұлдыз Ким Кардашьян.
8 / 8
Ұлыбритания да сұлу қыздар тұратын елдер қатарынан орын алды.