Қоғам

Білім вице-министрі Суханбердиеваның соты басталды

Шенеунік қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл аудандық сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның соты басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сот кабинеті" жүйесіндегі мәліметке сүйенсек, елорданың №3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева да вице-министрдің ісіне қатысты тергеліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Жаңа білім министрі жемқорлықпен қалай күреспек?

Эльмира Суханбердиеваның ісі 2 шілдеде басталып, сол күні судьяның қарауына берілді. Сотта судья Бақытжан Есенов төрағалық етеді.

Суханбердиеваның ісі

Маусым айында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Шенеунік 2 тамызға дейін қамауға алынған болатын.

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиева туралы не білеміз?

Оған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстап, ол сотқа дейінгі тергеулер біткенше қамауға алынды.