НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік композитор әрі продюсер Игорь Крутойды марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой ІІ дәрежелі "Достық" орденімен наградталсын", - делінген жарлықта.
Игорь Крутой Нұр-Сұлтанда 29 маусымда өткен Димаш Құдайбергеннің Arnau концертінде қонағы болды. Қазақ әншісі мен ресейлік композитордың өнер жолында бірге жұмыс істеп жүргеніне біраз уақыт болды – ән кешінде Крутой Димаш үшін әрқашан ән жазуға уәде берді.
Тағы оқыңыз: Димаштың елордадағы концерті қалай өтті?
Еске сала кетсек, Игорь Крутой – Ресейдің "Голос.Дети" жобасында жеңіске жеткен қазақ баласы Ержан Максимнің жетекшісі.