Қоғам

Нұр-Сұлтанда Беларусь елінің тарихынан сыр шертетін сирек фотолар көрмесі ашылды

"Жеңіске қадам" көрмесі ҚР тұңғыш президентінің музейінде 2 тамызға дейін өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Елордада танымал фотосуретші Сергей Ларенковтың "Крок да Перамогi" ("Жеңіске қадам") атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көрме Беларусь елінің фашистік Германиядан азат етілуінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған. Онда Миниск пен Брест қалаларының тарихынан сыр шертетін фотолар қойылған.

Нұр-Сұлтанда Беларусь елінің тарихынан сыр шертетін сирек фотолар көрмесі ашылды

Шараны астанадағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы өкілдігінің қолдауымен Қазақстандағы Беларусь елшілігі ұйымдастырған. Көрме ҚР тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасының "Мәдениет арқылы диалог" жобасы аясында өтуде.

Көрмеге сұрапыл соғыс жылдары бейнеленген 41 туынды қойылған. Фотосуретші Сергей Ларенков тарихи суреттерді жаңа фотолармен шебер үйлестіре білген.

Нұр-Сұлтанда Беларусь елінің тарихынан сыр шертетін сирек фотолар көрмесі ашылды

Шара Беларусь мемлекетінің тәуелсіздік мерекеге орай ұйымдастырылып отыр. 3 шілдеде Минск қаласы фашистерден азат етілген болатын. Бұл – Беларусь мемлекетінің басты мерекесі саналады.

Нұр-Сұлтанда Беларусь елінің тарихынан сыр шертетін сирек фотолар көрмесі ашылды

"1944 жылы 3 шілдеде Беларусь астанасы басқыншылардан азат етілді. Бұл тарихи күн Беларусь халқы, парламент және Беларусь президентінің шешімімен тәуелсіздік мерекесі ретінде таңдалды. Осыдан 75 жыл бұрын 1943 жылдың 23 қыркүйегінде кеңес әскерлері фашист басқыншыларынан Беларусьтегі бірінші елді мекенді азат етті. Ол Комарино аудан орталығындағы Полесской, қазіргі Гомель облысы. Осы күннен Беларусь жерінен басқыншыларды ығыстыру операциясы басталды. Кеңес әскері партизандардың, сұрапыл соғыстың зардабын көрген Беларусь халқының қолдауымен батысқа беттеді", - дейді Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов.

Тағы оқыңыз: Анатолий Карповтың сирек маркалар коллекциясының көрмесі

Қазақстандағы Ресейдің төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, "Багратион" операциясы барысында Беларусь фашистік басқыншаларынан азат етілген. Оның пікірінше, бұл Ұлы отан соғысындағы ең маңызды күндердің бірі екен.

"Минск пен Брестің тарихи және заманауи фотоларын бір-бірімен салыстыру арқылы кеңес халқының – орыс, беларусь, украиналықтар, грузиндер, армяндар, қазақстандықтар туған жерінің бір бөлігін асқан ерлікпен қорғанын көруге болады. Минск соғыстан толығыман қирады ғой. Қаланы қалпына келтіруге Кеңес одағының құрамында болған барша республика көмектескен. Мен соғысқа аттанып, жеңіске өз үлесін қосып, мемлекетті қалпына келтіруге барын салған ардагерлерге алғысымды білдіремін", - дейді елші.

Нұр-Сұлтанда Беларусь елінің тарихынан сыр шертетін сирек фотолар көрмесі ашылды

"Сергей Ларенков біздің ұйымға осыдан он жыл бұрын келген болатын. Ол кезде фотосуретші әлі танымал емес еді. Сергейдің балалық шағында әжесі блокаданы көрген. Отбасы архивіндегі суреттерді көрсеткен", - деді Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының жетекшісі Константин Воробьев.

Нұр-Сұлтанда Беларусь елінің тарихынан сыр шертетін сирек фотолар көрмесі ашылды

Айта кетейік, фотосуретші Сергей Ларенковтың көрмесіне кіру тегін. Сирек фотоларды ҚР тұңғыш президент музейінен тамашалауға болады. Музей дүйсенбі күні жұмыс істемейді. Ал қалған күндері сағат 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ашық.

Бұл материалды Sputnik Қазақстанның орысша нұсқасынан да оқи аласыз.