Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 маусым

Бұл – Григориан күнтізбесінде 180-ші күн, жыл соңына дейін 185 күн бар
Sputnik

29 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

29 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық өндірістік дизайн күні. Мерекені халықаралық өндірістік дизайнерлер қауымдастығы 2007 жылы бекітті. Бұл күн бекер таңдалынып алынбаған, 29 маусымда бүкіл әлемнің индустриялық суретші-дизайнерлерінің ұйымы құрылған болатын.

Өндірістік дизайнерлер жасаған заттарды біз күнде көріп, пайдаланамыз. Адамдар тұтынатын барлық өндірістік тауарлар олардың еңбегінің нәтижесі.

Сондай-ақ бүгін Халықаралық тропик күні аталып өтеді. Мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы тропикалық аудандардағы қиындықтар туралы баршаны хабардар ету үшін бекіткен. Бұдан бөлек, мейрам тұрақты дамудағы тропикалық елдердің маңызды рөлін көрсетуді көздейді.

29 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1916 жылы "Боинг" ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді;

1964 жылы теледидарды алыстан басқару пульті жасалды;

1985 жылы Нью-Йорте Джон Леннонның "Роллс-Ройсы" 2,229 миллион долларға сатылды;

1995 жылы Сеулде Sampoong супермаркеті опырылып құлап, 502 адам қаза тапты;

2007 жылы АҚШ-та алғашқы iPhone сатылымға шықты.

29 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы "Балқаш маңы мыс қорыту комбинатының құрылысы туралы" қаулы қабылдады;

1964 жылы "Мақат – Ақтау" темір жолының құрылысы аяқталды;

1992 жылы Қазақстан мен Люксембург Ұлы герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны "Әзірет Сұлтан" деп атады;

2010 жылы Маңғыстау облысында республикадағы жалғыз кеме жөндейтін зауыт іске қосылды.

29 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1900 жылы француз ұшқышы және жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери дүниеге келді. Ол әлемдегі ең танымал "Кішкентай ханзада" ("Маленький Принц") шығармасын жазды;

1908 жылы джазды классикамен біріктірген америкалық композитор  Лерой Андерсон дүниеге келді;

1964 жылы кеңес, грузин және ресейлік эстрада әншісі, композитор, театр және кино актері Сосо Павлиашвили дүниеге келді;

1978 жылы америкалық әнші және актриса, The Pussycat Dolls тобының бұрынғы мүшесі Николь Шерзингер дүниеге келді.

29 маусымда Қазақстанда кім туды

1919 жылы Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов дүниеге келді;

1939 жылы биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Ленин сыйлығының лауреаты Мұрат Айтхожин дүниеге келді;

1958 жылы ҚР президенті грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Қайнар Олжай дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Туыстарыңыздың күтпеген іс-әрекеттері сізді таңғалдырады. Кейбіреуі өз міндеттерін сізге артып қоймақшы болады. Бұл орайда өз өміріңіз барын ұмытпаған жөн. Уақытында "жоқ" деп айта білу ешқашан артық етпейді.