НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.
Əңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті.
Тағы оқыңыз: Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен шекараны демаркациялап жатыр
"Əңгімелесу барысында ҚР мен РФ үкіметтерінің басшылары интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады", - деп жазылған Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тараптар "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы да пікір алмасты.