НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Арыстағы төтенше жағдай кезінде ғимараттардың 80-90%-ға жуығына снарядтардан зақым келді, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер.
ТЖК басшысы комиссия барлық шығынды есептеп шығаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Беккер жергілікті тұрғындарға әзірге қалаға келуге болмайтынын ескертті.
"Өкінішке қарай, тұрғындар әр түрлі сылтаумен қалаға кіруге тырысып жатыр. Олай істемеулеріңізді сұраймыз, өйткені жарылмаған снарядтар бар, олар едәуір шығын келтіріп, қазаға ұшыратуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, тонау фактілерінің алдын алу үшін қаланы полицейлер мен Ұлттық ұланның сарбаздары күзетіп тұр. Қалаға кіреберісте күзет қойылған.
Қалада 45 мыңға тарта халық тұрады, ол Шымкенттен 85 километр және Түркістаннан 168 километр жерде орналасқан.