Оқиға

Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

Жігіттің қалтасында жеке куәлігі болмаған, полиция марқұмның кім екенін анықтап жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Алматының "Қарасу" шағын ауданында Солтүстік шеңберге жетпей ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Қайғылы оқиға 24 маусымға қараған түні болыпты. Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Matiz Бұрындай көшесімен келе жатқанда, алдынан ер адам атып шығады.

Жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек ер адамды көрмей қалып, қатты жылдамдықпен қаққан.

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қалтасында жеке куәлігі болмаған, шамамен 32-35 жаста.

Полиция жол апатының мән-жайы мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр.