НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға ұлттық бірыңғай тестілеуді заңға сәйкес өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Түлектерге сәттілік тілеймін!",- деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Қазақстанда ҰБТ басталды
Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектер республика бойынша 169 пунктіде ҰБТ тапсырады. Бірінші күні 13 мың талапкер емтихан тапсырып жатыр.
2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242 адам. Оның ішінде биыл бітірген 96 380 түлек бар. 20 862 адам - былтыр бітіргендер және колледж түлектері. ҰБТ 30 маусымға дейін созылады.