НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді
Қазақстан президенті премьер-министрге шұғыл түрде үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.
"Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмектің көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -на дейін өсіп, көп балалы отбасылар әр балаға 21 мың теңгеден алып жатыр. Бұл шараларға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болды.