Елорда тынысы

Тоқаев Нұр-Сұлтанның жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Алтай Көлгінов президентке астанадағы әлеуметтік және экономикалық ахуал туралы баяндады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұр-Сұлтан әкімі мемлекет басшысына елорданың негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.

Тағы оқыңыз: Көлгіновтің әкім қызметіндегі алғашқы демалысы қалай өтті?

"Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар, LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажеттігін айтты", - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Тоқаев Нұр-Сұлтанның жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Кездесу барысында Қазақстан президенті Нұр-Сұлтанның инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов туралы қызықты деректер