Өңірлер

Оралда тағы да қоқыс жәшіктері жаппай ұрлана бастады

Мұндай жағдай өткен жылы да болған екен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды салатын 13 қоқыс контейнері ұрланды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Құрманғазы көшесінің бойындағы №194, №196 үйде тұратын тұрғындардың айтуынша, бірнеше апта бұрын ауладағы қоқыс контейлері жоғалып кеткен.

"Біз бұрын қоқысты қайда салатынымызды білетінбіз. Аулада 4 қоқыс контейнері болды. Олар ескі еді. Осыдан бірнеше апта бұрын оны алып тастады. Енді қоқысты қайда апаратынымызды білмей отырмыз. Тұрғындар қоқыстарын аулаға тастап кетіп жатыр. Ешкім оны тазалап та жатқан жоқ. Мұнда қоқыс жиналып қалды. Аула кір, пакеттер ұшып жатыр. Аулада балалар да ойнап жүр", - дейді Александр есімді тұрғын.

Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандарының айтуынша, бұл ауладағы қоқыс жәшіктері маусым айының басында жоғалыпты.

"Қазір қалада 13 қоқыс контейлері жоғалып кетті. Оның төртеуі Құрманғазы көшесінің бойында орналасқан №194, №196 үйге тиесілі. Біз полицияға арыз жаздық. Полицейлер контейлерді ұрлаған адамдарды іздеп жатыр. Бірақ аулалар қоқыстан уақытында тазаланып отыр. Біз 450 жаңа қоқыс контейнеріне тапсырып бердік. Алдағы уақытта олар аулаларға қойылады", - деді аталған бөлімнің басшысы Мержан Нұртазиев.

Тағы оқыңыз: Жас отбасы 6 миллион теңгені байқаусызда қоқысқа тастаған

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында Оралда қоқыс контейлері жоғалған болатын. Чкалов, Семей, Депов көшелерінің тұрғындары қоқыс жәшіктерінің жоғалып кеткенін айтып, шағымданған. Онда 13 қоқыс контейнерін ұрлады деген күдікке ірі кәсіпорында жұмыс істейтін 2 аула сыпырушы ілінді.