НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды.
Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес әкімдерді тағайындады:
- Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;
- Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;
- Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;
- Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;
- Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;
- Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі;
- Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;
- Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;
- Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;
- Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;
- Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;
- Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
- Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;
- Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы тағайындады. Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына бұрынғы орынбасары Ақтоты Райымқұлова жаңа мәдениет және спорт министрі болды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа ведомство - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құру туралы жарлық шығарды.