НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақфильм мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Мұқағали" көркем фильмінің түсірілімін бастады, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.
Картина қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері – танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Сценарийін Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов, Ғазиз Насыров жазған.
Тағы оқыңыз: Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
"Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында", - дейді фильмнің режиссері.
Фильм Өскемен қаласында түсіріле бастады. Содан соң түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы қалалары мен Алматы облысына жол тартпақ.
Тағы оқыңыз: "Форсаж" фильмінің эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін
Қалымбетовтың айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Көрермен Мұқағали Мақатаевтың есейген шағымен, Қазақ КСР Жазушылар Одағы отырысында ақынның тағдыры шешілген сәтімен танысады.