Қоғам

"Қазақстан аруы" тұрмысқа шықты – фото

2014 жылы Қазақстан аруы атанған Регина Вандышева Италияда той жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. "Қазақстан аруы - 2014" байқауының жеңімпазы үйлену тойының суреттерімен бөлісті. Вандышева қуанышты күннің фотоларын өзінің  Instagram парақшасында жариялаған.

"Сөз жоқ... Әрбір қыз осындай бақытқа лайық", - деп жазды Регина.

Тойда қазақстандық арудың жақындары, достары мен "Ресей аруы" София Никитчук  және "Грузия аруы" Нука Каралашвили де болған.

Регина Вандышева 2015 жылы "Әлем аруы" байқауына қатысып, 13 сұлудың қатарына енген болатын.