НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым — Sputnik. Алматыда Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жол полициясының қызметкерін көлік қағып кетті.
Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Sonata автокөлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан, осы кезде реттеуші көлік ағынын тоқтатпақ болады.
Газ бен тежегішті шатастырған: Алматыда бойжеткен полицейді қағып кетті
© Sputnik / Стрингер
Рөлде отырған қыз реттеушінің талабын орындаудың орнына газды басып, оны бар жылдамдықпен қағып кеткен.
Тағы оқыңыз: Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке қол көтерді
Түрлі жарақат алған жол полициясының қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.