Оқиға

Алматыда ер адам көлік астына түсіп қаза болды

Ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Алматыда Subaru Outback көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты сенбі, 15 маусым күні Талғар жолында болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға куәгерлер.

Көлік шығыс бағытқа бет алған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам "Князь Oil" жанар-жағармай станциясы маңында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Subaru жүргізушісі кенеттен пайда болған жүргіншіні байқамай, қағып кеткен.

Ер адам жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Оның 34 жаста болғаны анықталды. Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.