Өңірлер

Маңғыстау облысында ат тепкен балаға ота жасалмақ

Бес жасар бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалып, бет сүйегі сынған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Маңғыстау облысында ат тепкеннен кейін ауыр жарақат алған бес жасар баланы отаға дайындап жатыр.

Тағы оқыңыз: Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті

Баланың ата-анасының айтуынша, оқиға жеке үйдің ауласында болған, деп жазды Lada.kz.

"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, бала жақ-бет хируриясында операцияға дайындалуда", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бала облыстық ауруханаға Мұнайлы ауданының Баянды ауылынан түскен. Тексерістен кейін дәрігерлер науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады, сондай-ақ миы шайқалып, бет сүйегі жарықшақтанып сынған. Бұдан басқа, баланың мұрын қалқасы қисайып, жоғарғы және төменгі еріндері зақымданғаны белгілі болды.