Саясат

Тоқаев Бішкек қаласына барды

Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Тоқаев Бішкек қаласына барды

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу, соның ішінде Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.