Әлем

Қымбат тамақ алған: Израиль премьерінің әйелі 14 мың еуро төлеуге міндеттелді

Үкімет басшысының әйелі мейрамханада 43 мың еуроның тамағына тапсырыс берген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Сара Нетаньяхуға мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылды. Бұл туралы dw.com порталы хабарлады.

Израиль премьер-министрі Биньямина Нетаньяхудың әйелі Сара мемлекет қазынасына 14 мың еуро (55 мың шекель) төлеуге міндеттелді.

Бас прокуратура мен Нетаньяху арасындағы келісім жақында жасалған. Енді сот үкім шығаруы тиіс.

"Үкімет басшысының үйінде жеке аспаз болғанына қарамастан Сара Нетаньяху 2010-2013 жылдары мейрамханада 43 мың еуро болатын қымбат тағамдарға тапсырыс берген. Тапсырысты төлеуге қаржы премьер-министр кеңсесінен алынған", - дейді германиялық басылым.

Биньямина Нетаньяхудың үйіндегі аспаздың қызметіне бюджет есебінен ақша төленген.

Израиль премьер-министрінің әйелі өзінің кінәсіз екенін бірнеше рет айтқан. Оның адвокаттары бұл тапсырысты "Сара Нетаньяхудың еркінен тыс үшінші адамдар" бергенін, ал үйдегі аспаз тек ресми іс-шаралар кезінде ғана тамақ пісіргенін алға тартты.

Айта кетейік, 2015 жылы Израильдің қадағалаушы органдары Биньямина Нетаньяху әулетінің көп шығын келтіретінін мәлімдеген болатын.