Өңірлер

Атырау прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды

Жасұлан Қаратау қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, осы жылдың 11 маусымында Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады", - деп жазылған хабарламада.

Ол қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында басқарма басшысы 3 миллион теңгемен ұсталды

Соттың санкциясымен Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.