Саясат

Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды

Жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.

Сағынтаев бұл қызметке 2019 жылдың наурызында тағайындалған еді. 12 маусымда жаңа мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтатпай, оларға жаңа тағайындауларға дейін лауазымдық міндеттерін атқаруды тапсырды.  

Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал қаласында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітіріп, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы болып шыққан. Сол жылы Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы қызметіне кірісті. Ал үш жылдан кейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы және доцент болып жұмыс істеді.

Сағынтаев әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қазақстанның премьер-министрі, мемлекеттік хатшы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.