НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штаты, Мертл-Бич қаласында ер адам көшеде лигрмен серуендеді. Бұл бейнежазбаны The Sun басылымы жариялаған.
Кадрларда көпшілікке "Нағыз Тарзан" деген атпен белгілі Майкл Холстон әлемдегі ең үлкен мысық – лигрмен (еркек арыстан мен ұрғашы жолбарыстың буданы) серуендеп жүр. Оның салмағы – шамамен 319 келі.
Ер адамның айтуынша, лигр сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Аты – Аполлон.
Блогер видеоны YouTube желісіне салып, 120 мың қаралым жинады.
Лигр — мысық тұқымдастардың ең ірі өкілі. Ұзындығы төрт метрден асуы мүмкін, ал салмағы үш жүз келіден артады.