Видео

"Әрең үлгердім": елорда тұрғыны дауыс беру үшін велосипедпен 10 сағат жүрді - видео

Велосаяхатшы Мұхтар Фархадұлы Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде дауыс беру үшін Ерейментаудан таңғы сағат 10-да шыққан. Ол елордаға сайлаудың аяқталуына санаулы уақыттар қалғанда жетіпті
Sputnik

Велосаяхатшы ұлттық академиялық кітапханадағы сайлау учаскесінде дауыс берген. Елорда тұрғыны сайлауға қатысу үшін жанталасқанын айтады.

"Педальді бар күшіммен бастым", - дейді Мұхтар Фархадұлы.

Ол Нұр-Сұлтанға жету үшін 150 шақырым жолды жүріп өткен.

"Мен велосаяхаттан келе жатырмын. Дауыс беруге әрең үлгердім. Негізі таңғы сағат 10:00-да жолға шықтым. Жолда велосипедтің ақаулары болды. Саяхатым қызықты өтті. Жаңбыр жауып, жел соқты. Дауыс беріп үлгердім. Сайлау аяқталуға санаулы миниуттар қалғанда велосипедтің педалін бар күшіммен бастым. Әйтеуір, діттеген жеріме жеттім", - дейді елорда тұрғыны.

Велосипедшінің неге дауыс беруге асыққанын Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыз.