Саясат

Қытай бақылаушылары: Қазақстандағы сайлау әділ өтті

Қытайдан келген бақылаушылар елордадағы 6 сайлау учаскесінде болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Қытайлық бақылаушылар кезектен тыс президент сайлауы кезінде заңбұзушылық байқамаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қытай бақылаушылары: Қазақстандағы сайлау әділ өтті

9 маусым күні бақылаушылар Нұр-Сұлтандағы 6 сайлау учаскесінде болған. Олар учаскенің сайлауға дайындығын, бюллетеньдердің қалай саналғанын және дауыс берушілердің аты-жөнін тексерді.

"Қытайдан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау заң аясында және халықаралық талаптарға сай өтті", - дейді ҚХР сыртқы істер министрінің өкілі Чжан Сиюнь шетелдік бақылаушылар қатысқан брифингте.

Сондай-ақ, ол елордада дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылық болмағанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

"Сайлау ашық,әділ демократиялы және заңды түрде өтті. Бірнеше елден келген бұқаралық ақпарат құралдары сайлаудан хабар таратты", - деді ол.

Президент сайлауының қорытындысы 

Кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 77,4 проценті жасады.

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған: 

  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,76%;
  • Әміржан Қосанов - 16,02%;
  • Дания Еспаева - 5,2%;
  • Төлеутай Рақымбеков - 3,2%;
  • Амангелді Таспихов - 2,07%;
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
  • Сәдібек Түгел - 0,92%.