НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 18:00-дағы жағдай бойынша тізімге енген сайлаушылардың 72,9%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы бойынша – 81,0%
- Ақтөбе облысы – 84,1 %
- Алматы облысы – 86,3 %
- Атырау облысы – 71,1 %
- Шығыс Қазақстан облысы – 77,2%
- Жамбыл облысы бойынша – 73,8%
- Батыс Қазақстан облысы – 66,2%
- Қарағанды облысы – 72,8%
- Қызылорда облысы – 69,1%
- Қостанай облысы – 81,1%
- Маңғыстау облысы – 65,7%
- Павлодар облысы – 73,1%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 75,7%
- Түркістан облысы – 78,8%
- Нұр-Сұлтан қаласы – 63,7%
- Алматы қаласы – 49,2%
- Шымкент қаласы – 63,6%.
Тағы оқыңыз: Самал Еслямова дауыс беру үшін Қазақстанға арнайы келді
Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-і сайлау бюллетенін алды. 16:00-ге қарай өз таңдауын жасаған қазақстандықтар саны 65,9 процентке жетті.
2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 18:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69%-і дауыс берген.
Сайлау - 2019
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.
Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.
Президенттікке үміткерлер
Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.