Сайлау учаскесіне кандидаттардың ішінде бірінші болып коммунист Жамбыл Ахметбеков келді. Ол анасы мен әйелін ертіп апарған.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. Осы жерде бір қызық жағдай болды - оның бюллетені урнаның аузында тұрып қалды, бірақ сәлден кейін ол урнаның ішіне түсті.
Президентікке үміткер Амангелді Таспихов дауыс беруге әйелімен бірге келді. "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбековке де отбасы қолдау көрсетті.
Тағы оқыңыз: Шетелдік бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалғанын айтып берді
Ал "Ұлы дала қырандары" қоғамдық ұйымынан сайлауға түскен кандидат Сәдібек Түгел дауыс беруге шапан киіп келді.
Жалғыз әйел кандидат Дания Еспаева елордадағы №66 мектептегі сайлау учаскесінде дауыс берді.
Кандидаттардың ішінде ең соңғы болып сайлау учаскесіне Әміржан Қосанов келді.
Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыздар.