НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Қазақстандық боксшы елге деген сүйіспеншілігін білдіретін ролике түсіп, Жұбан Молдағалиевтің "Мен қазақпын" поэмасын оқыды.
Боксшы роликті Instagram парақшасында жариялап, отандастарына деген ыстық ықыласын білдірді.
"Қолдау көрсеткен жерлестеріме рахмет! Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын", - деп жазды Головкин.
Роликте өлең жолдарын Геннадий Головкинмен бірге балалар, спортшылар, ғалымдар, әскерилер мен ғарышкерлер де оқыды.
Естеріңізге сала кетсек, "Головкин – Роллс" жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9 маусым күні таңертең болады. Тікелей көрсетілім 06.00 кезінде басталмақ.
Тағы оқыңыз: Головкин мен Роллстың кездесуін тікелей эфирде қашан және қайдан көруге болады?
Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қол астында алғаш рет рингке шығып, бұл кездесу DAZN сервисімен жасалған келісімшарт бойынша алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.