Қоғам

"Ұлт бірлігі үшін": Тоқаев халықтың сан алуан пікірімен санасу керектігін айтты

Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірді негізге алуы тиіс, деп санайды президент
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көзқарасын ескеруге шақырып, жастар туралы пікір білдірді.

"Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл - ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы. Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

​Атап өтсек, Алматыда 5 маусымда азаматтық белсенділер Oyan Qazaqstan қозғалысын құратынын мәлімдеп, декларация ұсынды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев мемлекетті басқару жүйесіне жастарды тартатынын мәлімдеді

Одан бұрын желіде жарияланған роликте Қазақстан жастарының шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері Қазақстан халқын оянуға шақырып, елдегі өзекті проблемаларды атап көрсеткен болатын.