НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ресейдің Нижневартовск қаласында банк қызметкері жұмыс берушісінің есебінен үйлену тойын өткізбек болды, деп жазады URA.ru басылымы.
Жігіт екі ай ішінде өз атына төрт жалған несие келісімшартын ресімдеген. Қулығын іске асырмақ болған "күйеу жігіт" көп ұзамай ұсталып, алаяқтық ісі қозғалды.
"Банк алаяқтың шотына 950 мың рубльден (5,5 миллион теңге) астам қаражат аударған. Ер адам ұрлаған ақшаны өз қажетіне жаратыпты", - деп мәлімет берді өңірдің прокуратурасы.
Бұған дейін 27 мамырда Башқұртстан тұрғыны – банк кассирі Луиза Хайруллина 23 миллион рубль (138 миллион теңге) ұрлап кеткен. Оқиға белгілі болғанда, Хайруллина мен отбасы үйінде жоқ болып шықты. БАҚ мәліметінше, кассирдің жоспары туралы балалары білген. Қазір әйелді полиция іздеп жатыр, ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды